ZIKR 1000 TIME/ЗИКР 1000 РАЗ/ЗІКІР 1000 РЕТ/Лә илләһа иллә аллаһ/لا إله إلا الله/
meirbek.bostanov meirbek.bostanov
18.1K subscribers
8,674 views
0

 Published On May 20, 2023

«Лә иләһә иллаллаһ» сөзінің түсінігі«Лә иләһә иллаллаһ» сөзінің түсінігіАллаһ Тағала Құранда былай дейді:«(Мұхаммед ﷺ) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді» («Ибрахим» сүресі, 24-аят)1. Адам пайғамбардан бастап пайғамбарымыз Мұхаммедке ((ﷺ)) дейінгі барлық пайғамбарлар шақырған Аллаһты бірлеу сөзі.Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:«(Мұхаммед ﷺ) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: “Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” деп қана уахи етіп, жібердік» («Әнбия» сүресі 25-аят)2. Тақуалық сөзі:Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:«Кәпірлер, жүректеріндегі надандық қасарысуымен сірескен кезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді. Олар бұған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші»( «Фәтих» сүресі, 26-аят)Ибн Джарир ат-Табаридің «Фәтих» сүресінің 26-аятын талқылау тәпсірінде«оларға тақуа сөзін жүктеді» дегенді былай түсіндірген:«Әлиден (радиаллаһу әнһ), ибн Аббастан (радиаллаһу әнһ) жеткенді Әли, абу Салих және Мұғауия былай деп әңгімелейді: Ол Құрандағы Аллаһ Тағаланың «оларға тақуа сөзін жүктеді» деген сөзі Аллаһтан басқа жоқ тәңір куәлігі екендігін, және бұл сөз тақуалық сөзі, сонымен қатар тақуалық негізі екендігін білдіреді.[Ибн Джарир әт-Тәбәри, «Джами` уль-байан фи тағуиль әл-Кұран», 22/254]Му`аз ибн Жәбәл (радиаллаһу әнһ) Аллаһ Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген:«Кімде-кімнің бұл дүниедегі соңғы сөзі «Аллаһтан басқа жоқ тәңір» (Лә иләhә иллә Ллаh) болса, сол адам Жәннатқа кіреді» (Әбу Дауд 3116).Жәбир ибн Абдуллаһ (радиаллаһу әнһ) Аллаһ Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген:«Ең жақсы зікір— Лә иләhә иллә Ллаh, ал ең жақсы дұға — Әлхамдулилләh» (Тирмизи 3383; Насаи 6/208; ибн Хиббан 3/126)Имам Науаи (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:« «Лә иләһә иллә Ллаһ» сөзі еске алудың ең жақсы сөзі, сондықтан да мұсылман қауымының ең беделді өкілдері бұл сөзді салихтердің жолындағы, муридтердің ақиқатын білгісі келетін және уақыттарын жалғыздықта өткізетіндер қатарындағыларды дайындау мен тәрбиелеуде қолданған. Оларға әрдайым бұл сөздерді қайталап отыру бұйырылған және «Шайтанның азғыруынан ең жақсы қорғайтын құрал Аллаһ Тағаланы көп еске алу болып табылады» деген.[Имам Науаи «әл-Әзкар»128-бет]«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзінің құндылығы өте көп, бірақ мен осы мысалдармен ғана шектелдім.Бұл ұлы сөз- Таухид сөзі, мұсылман оны әрбір намазында күнде айтады, және оны муазиннен (азаншы) жиі естиді, бірақ олар бұл сөздің мағынасын біле ме, және ол сөздің астарында қандай мағына жатқанымен хабардар ма?Бұл мақаланың мақсаты –мұсылман таухид сөзінің мағынасын біліп, осы білімге амал етіп және осыған басқаларды да шақыру үшін «Лә иләhә иллә Ллаh» сөзінің дұрыс мағынасын түсіндіру.«إله» «илләһ» сөзініңИбн Фарис (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:«Хамза, Ләм и hә («иләһ» сөзін құраушы жеке араб әріптері)– бір түбір болып табылады, мағынасы – ғибадат. Осыған орай «иләһ» сөзінің мағынасы – бұл Аллаһ Тағала, себебі, Оған құлщылық қылынады. Және Оны Оған ғибадат жасалынатындықтан солай атайды. Сондықтан да ғибадат жасаушы адамды «құдайшыл» деп атайды.

show more

Share/Embed