Salauat 100 time/Салауат 100 раз/Салауат 100 рет/Саловат 100 марта/Астагфируллахи уа атубу илайх
meirbek.bostanov meirbek.bostanov
18.1K subscribers
298 views
0

 Published On May 18, 2023

Салауаттың пайдасы
Бүкіл мақтау Әлемдердің Раббысы болған Аллаға тән. Алланың сүйіктісі, адамзаттың абзалы, ақырзаман пайғамбары Мұхаммед С.Ғ.С. ға Алланың сәлемі және рахметі болсын!
Алла Тағаланың адам баласына берген нығметтері өте көп.Оның әрқайсысына шүкірлік білдірмек түгілі,тіпті санын санап шығу да мүмкін емес. Алланың адам мен жынға жасаған ең үлкен жақсылығы - ол адамзаттың арасынан таңдап,ақырзаман пайғамбарын жіберуі. Ол ақырзаман пайғамбары Алланың сүйіктісі, таңдаулысы, әзіз құлы Мұхаммед Мустафа С.Ғ.С. Ол арқылы Алла адам мен жынды қараңғылықтан жарыққа шығарды. Дүниенің түнегімен ахиреттің қасіретінен құтқарды. Ол арқылы Алла өз қалауын білдіріп, дінін бекітті. Өзін танытты. Жалған мен шындықтың, дұрыс пен терістің жақсы мен жаманның арасын ажыратты. Есі кеткендерге ескертті, тәубе қылып, құлшынғандарды қуандырды.
Әлбетте, бұл Алланың үлкен жақсылығы. Тарихта кімге болсын соған ақырзаман Пайғамбарының артынан ілесу нәсіп бола бермеген. Ол бір ерекше Алланың сүйген пенделеріне берген нығметі. Бұл жақсылықтың зор екендігі сол Құранда Алланың өзі иман келтіргендерге осы ісін артығырақ айтып міндет қылады.


«Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жібергенін міндет етеді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді». (Әли-Имран, 164 аят).
Иә, Алланың мұндай жақсылығы бүгінде де екінің бірінде емес. Неше түрлі бай-бағыландар, патшалар, ақылды кісілер мақұрым қалып жатыр. Тәйірі, біздің олардың қай жеріміз артық?! Алла сүйді, таңдады, тілімізді калимаға келтіріп, сүйіктісі Мұхаммед С.Ғ.С. соңынан ілестірді. Түсінсек, әлбетте бұл үлкен нығмет...
Осы үлкен нығметтің шүкірлігі, ол Алланың Елшісі Мұхаммед С.Ғ.С деген сүйіспеншілігіміз. Ол кісінің соңынан айна-қатесіз ілесуіміз екен.
Алланың Құранда мынандай ғажап бір сөзі бар: «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер» (Ахзаб сүресі, 56-аят).


Бұл аятта салауат сөзі үш мәрте қайталанады. Суфиан Саури бұл аятта Алланың салауаты ол рахметі, Періштелердің салауаты - ол кешірім дұға етуі деп түсіндіреді. Жалпы аяттың мағынасы ол пайғамбарымыз Мұхаммед С.Ғ.С. Алланың алдында дәрежесінің биіктігін көрсетеді. Алла мейірім төгуді алдымен өзінен бастайды. Муқаррабин періштелер, жалпы көктегілер ол кісі үшін дұғалар оқиды. Кешірім тілейді. Бұл оның С.Ғ.С. көкте қаншалықты құрметті екендігін білдіреді. Алла осы аят арқылы сол қадірмен құрметтің жерде де болғанын қалайды. Сол себептен де аяттың жалғасында ол кісінің жер мен көкте абыройы бірдей болуы үшін Алла мүміндерге бұйрық райда: «Мұхаммад С.Ғ.С арнайы түрде салауат айтыңдар» - деп, әмір етеді. (Ибн Касир тафсірі).


Мұхаммед С.Ғ.С. салауат айту шариғатта уәжіптік күші бар амал. Ол діндегі құлшылықтың бітіспес бір бөлшегіне айналған. Намазда, қажылықта, Құран оқығанда, сөз бастағанда, аяқтағанда, мәжілісте, мешітке барарда, қатты күйзелгенде, Алладан кешірім сұрағанда, үйге кірерде, бір нәрсені ұмытып есіне түсіре алмағанда, құда түсерінде, ұйықтағанда, ашуланғанында, Алланы еске алғанында т.б. өмірдің қай жағдайында болса да, Алланың Елшісін С.Ғ.С еске алып, оған салауат айтуымыз тиіс екен. Әлбетте ол кісіге салауат айтуымыз ол кісінің бізге мұқтаждығын білдірмейді.Керісінше біздің сол салауат арқылы дәрежеміз көтеріледі. Үлкен сауапқа кенелеміз. Қиямет күні Пайғамбарымыздың С.Ғ.С.-ның шапағатына ие боламыз.


Салауаттың сан қырлы пайдасы көп. Оның қадір-қасиетін бағамдау үшін, ең негізгі пайдаларына жіті тоқталсақ:
1)Алланың сүйгенін сүйіп, көңілін табасың,оның әмірін орындайсың.
«Расында Алла, Пайғамбарга рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оган салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер» (Ахзаб сүресі, 56-аят).
2) Қияметтің қиын күнінде әркім өз басымен әлек болады. Сол күні Алланың мейірімі Пайғамбарымыз Мұхаммед С.Ғ.С. ерекше ауады. Оның дұғасымен есеп бастайды. Оның шапағатымен кейбір қалаған құлдарының күнәсін кешіреді. Міне осы күні Алланың мейіріміне жету үшін қайсымыз Алланың Елшісіне жақын тұрғысы келмейді. Әлбетте адам мен жынның бәрі де ол кісінің жанында тұруды аңсайды. Кім тірі кезінде неғұрлым көбірек салауат айтса, ол қиямет күні соғұрлым Алланың Елшісі С.Ғ.С жақын тұрады.
«Қиямет күні Маған ең жақын адам-Маған ең көп салауат айтқаны». Хадисті Имам Тирмизи риуаят етті.
3) Алла өзі сүйген пендесіне игілік тілегенді жақсы көреді. Сол үшін Алланың Елшісі С.Ғ.С бір рет жасалған дұға, Алладан он есе мейірім болып қайтады. «Кім маған бір рет салауат айтса, оған Алланың рахметі он есе жауады». (Хадисті Имам Муслим риуаят етті).

show more

Share/Embed